Қашықтықтан оқытуға дайындық жүргізіліп жатыр

26 Наурыз 2020, 17:15
2352
Бөлісу:
Қашықтықтан оқытуға дайындық жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады, деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифинг барысында.

Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмысы жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық кеңсенің ұсыныстарын ескере отырып, өз тұжырымдамамызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевидениеге 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда мұндай сабақтардың 200-ге жуығы дайын, - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады.

Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақты өткізу уақыты 30 минутты құрайды. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім ал» мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық әдістемелер, нұсқаулықтар дайын,- деді Дәурен Абаев.

Естеріңізде болса, бұған дейін теле-сабақтың қалай жүрілетіні жайлы жазған болатынбыз. Сонымен қатар БҒМ вице-министрі де қашықтықтан оқыту бойынша түсініктеме берген болатын.


Өзгелердің жаңалығы