«Ashyq». Қарапайым телефон ұстайтындар мекемеге кіре ала ма?

3 Наурыз 2021, 15:32
1740
Бөлісу:
«Ashyq». Қарапайым телефон ұстайтындар мекемеге кіре ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру туралы» өткен онлайн брифинг барысында журналистің «қандай да бір мекемеге жасы егде тартқан адам келді делік, бірақ оның телефоны заманауи емес, батырмалары бар ескі телефон. Сонда ол адамның денсаулығы жақсы бола тұра, оның мекемеге кіруіне рұқсат жоқ па» деген сауалына «Digital innovation and transformation» ЖШС директорының орынбасары Виталий Пустовойтенко жауап берді.

Ол азамат қалаған мекемесіне кіре алады. Мұндай жағдайды мобильді қосымша қарастырып қойған. Мекеменің ресепшн аумағындағы қызметкеріндегі құрылғыда қосымша функционал бар. Ол  азаматтың жеке куәлігіндегі штрих-кодты сканерлеп немесе ЖСН нөмірін қолмен теріп енгізу арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.

Ал егер заманауи смартфоны жоқ азамат жеке бас мәліметтерін айтудан бас тартса, қандай әрекет жасалатыны туралы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов айтып берді.

Бүгінгі күнге дейін 18 мың адам тіркеуден өтті. Әзірге мұндай жағдай кездеспеді. Ал егер келешекте осы бағытта мәселе туындап жатса, біз бұған міндетті түрде ораламыз, - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «Аshyq» мобильдік қосымшасын пайдалану ерікті екенін мәлімдеген болатын.



Өзгелердің жаңалығы