Бас жаңалықтар
Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті
19 Сәуiр 2021, 14:15 217

Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев дүниеден өтті. Қаралы хабарды Алматы қаласы Медеу ауданының Ардагерлер кеңесі растады.

Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1952-1956 жылдары қазіргі ҚазМУ-де, Уфа әскери училищесінде оқыды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірген.

Ғұмырының соңғы жылдарында Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

1956-1966 жылдары Қиыр, Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған.

1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген.

1973-75 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы.

1988-91 жылдары Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы.

1992-1993 жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі.

ҚР Президенті аппараты мен Минстрлігі Кабинеті жанынан құрылған Қорғаныс бөлімінің жетекшісі.

1994-1996 жылдары Минстрлігі Кабинетіжанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы.

1996-1999 жылдары ҚР Парламентінің Мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.

Әскери қайраткер 180-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. “Сыновний долг” (1978), “Быть патриотом” (1978), “На кафедре тактики” (1994), “Бауыржан Момышулы в моей жизни” (1995), “Доброму делу — долгая жизнь” (2002), “Военная безопасность страны: проблемы, перспективы” (2002), “Надежный страж Родины” (2005), “Обретенной независимости — надежную защиту” (2005), “Батыр ағаның шапағаты” (2005) атты кітаптарын жазған.

3-дәрежелі “КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” орденімен, көптеген медальмен марапатталған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...