Бас жаңалықтар
Астанада Бөгенбай батыр даңғылында жол қозғалысына шектеу қойылды
20 Қаңтар 2020, 18:29 189

Астанада Бөгенбай батыр даңғылында жол қозғалысына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Бөгенбай батыр даңғылының бойындағы көпірде жол қозғалысының шектелуіне байланысты, Бөгенбай батыр даңғылы – Уәлиханов көшесінің қиылысында және Бөгенбай батыр даңғылы – Айманов көшесінің қиылысында сол жақ бұрылыс пен кері бұрылуға уақытша тыйым салынды (көпірден түсу бағытында). Осыған орай, Бөгенбай батыр даңғылы арқылы Айманов көшесіне оңға бұрылып, Дүкенұлы көшесіне оңға қарай және Уәлиханов көшесіне шығу бағытта маршруттарды қолдануды ұсынамыз, - делінген хабарламада.

Көлік жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында осы бағдар бойынша бағдаршамдардың жұмыс режиміне тиісті өзгерістер енгізілді.

схема.jpg


Фото: дереккөз
Загрузка...