«Астана» футболшылары вакцина алды

6 Мамыр 2021, 16:03
1533
Бөлісу:
«Астана» футболшылары вакцина алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Астана» командасының бірнеше ойыншысы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшылар «Спутник V» вакцинасын қаладағы медициналық мекемелердің бірінде салдырған.

«Астана» футболшылары вакцина алды

Вакцина алғандардың қатарында қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушылар Антонио Рукавина, Жарко Томашевич, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат және бапкерлер штабының өкілдері бар.

«Астана» футболшылары вакцина алды

Айта кетейік, «Астана» клубы Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында 9 турдан кейін 23 ұпаймен көш бастап келеді. Команданы ресейлік маман Андрей Тихонов жаттықтырады. 

«Астана» футболшылары вакцина алды

Еске салып өтсек, елімізде 6 мамырдағы статистика бойынша Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші дозасын алған. Ал екінші компонетін салдырғандардың саны – 460 230.

Өзгелердің жаңалығы