Astana Hub Шымкенттегі стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі

14 Қараша 2019, 23:28
4609
Бөлісу:
Astana Hub Шымкенттегі стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі "Startap Sapary" атты бағдарламасымен Қазақстанның 17 облыс орталықтарына баруды жоспарлап отыр.

Бағдарлам аясында IT саласындағы идеясы бар барлық жас кәсіпкерлер үшін "Стартап мектебі" курсы ұсынылады. Курсқа қатысушылар ең қысқа мерзім ішінде Astana Hub технопаркі мамандарынан бизнес-идеялар құру туралы теориялық білім алады.

Стартап мектебіндегі оқу ақысыз, ол бір күнге созылады және курс соңында қатысушыларға оқу туралы куәлік беріледі.
 

Біз елдегі технологиялық стартаптарды дамыту бойынша қолдау шаралары бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Технопаркте акселерация, инкубация сияқты стартаптарды дамытудың ақысыз бағдарламалары бар. Олар бойынша оқыту тегін. Сондай-ақ, жақында біз өңірлер үшін онлайн оқыту өткіздік. Жыл ішінде стартаптардың жұмыс нәтижесі - 17 миллиард теңгеден астам сомаға өз жобаларын дамытуға инвестиция тарту және 1000-нан астам жұмыс орындарын құру. Бүгін біздің сарапшылар командасы өз білімдерімен бөлісуге және өз тәжірибелерін еліміздің өңірлеріне таратуға дайын. Startup Sapary бағдарламасының қорытындысы бойынша біз әр өңір үшін жеке IT-кәсіпкерлікті дамыту жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз, - деді Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Марлен Сихаев.
 

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай ішінде Astana Hub командасы елдің 17 өңіріне барады. Сапар кестесі Технопарктің сайтында қолжетімді. Startup Sapary бағдарламасы Петропавлда, Атырау мен Қызылордада, Түркістан, Орал мен Ақтауда таныстырылды. Технопарк командасы Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Өскемен, Павлодар және Талдықорған қалаларына жол тартпақ. 

Болашақта Astana Hub технопаркі Қазақстанда ІТ-кәсіпкерлікті дамыту мен бірлескен жобаларды құру үшін өңірлердің технопарктерімен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр. Сапар қорытындысы бойынша Astana Hub технопаркінің оқыту бағдарламалары мен әдіснамасын қамтитын әр өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспарын әзірлеу жоспарлануда.


 

Өзгелердің жаңалығы