AstraZeneca вакцинасының тиімділігі күмән туғызды

27 Қаңтар 2021, 07:30
1122
Бөлісу:
AstraZeneca вакцинасының тиімділігі күмән туғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. AstraZeneca компаниясының өкілдері вакцинасын егде жастағы кісілерге қолдану тиімсіз деген ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазбаша түрде берген жауабында препараттың төмен тиімділігі жөнінде мәлімет шындыққа мүлдем сай келмейтіні айтылған. Ұлыбритания билігі бұл вакцинаны қарт адамдарға егуін құптағанын мәлімдеген. Таяуда Германияның кей ақпарат құралдары жасы 65-тен асқан адамдарда бұл препараттың тиімділігі тек 8%-дан аспағанын хабарлады. Еуроодақ бұл компаниядан вакцинаның 100 миллион данасын сатып алу жөнінде келісім жасасқан еді. Алайда өндірісінде туындаған мәселелерге байланысты мөлшердің тек жартысымен ғана қамти алады деген болжам айтылды.

Вакцина экспортына қатысты айқын ақпарат алғымыз келеді. Болашақта COVID-ке қарсы вакцина шығаратын Еуроодақтағы барлық компаниялар оны өзге елдерге экспортқа шығаратыны туралы алдын ала мәлімдеуі тиіс, - дейді Денсаулық сақтау істері бойынша ЕО комиссары Стелла Кириакидес.

Өзгелердің жаңалығы