Атамқұлов Алматы Индустриялық аймағын аралады

19 Қыркүйек 2020, 20:27
1072
Бөлісу:
Атамқұлов Алматы Индустриялық аймағын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алматы Индустриялық аймағына барды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Министр аймақта энергия үнемдегіш қасбет өндіретін «ТехноВид» ЖШС зауытында, «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС және «КМК Investment» ЖШС кабельдік өнімдер зауытында болды. Сондай-ақ министрдің төрағалығымен жергілікті резиденттермен және өңірдің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізіліп, проблемалық мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы