Атырау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады

29 Наурыз 2020, 15:50
1663
Бөлісу:
Атырау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады. 

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады, – делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайларға байланысты өңірде нан тапшылығы болмайды.

Наубайханалар өз өнімдерін арттыруға мүдделі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің хабарламасына сәйкес, бүгінде Атырауда күнделікті 40 мың нан пісіріліп, 8 наубайхана жұмыс жасауда. 

"Дәулет нан" наубайханасының өкілі Фарух Абдуллаевтың айтуынша, кәсіпорын нан өнімін тәулігіне 7 мыңнан 15 мыңға дейін арттыруға ниетті.
Қазіргі  таңда цехта 90 адам нан пісірумен айналысады.  Кәсіпорында жұмыс орындарын қысқарту көзделмеген.  Керісінше, біз қосымша жұмысшылар тартуға ниеттіміз, - дейді Фарух Абдуллаев.

Бүгінде  облыс көлемінде 824 тонна ұн бар, оның ішінде 520 тонна тұрақтандыру қорында.  Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік қосымша 17 115 тонна ұн сатып алуды жоспарлап отыр. 

 Айта кетейік, "5 сәуірге дейін нан пісірілу тоқтатылады наубайханалар жұмыс жасамайды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.  Жалған ақпарат таратушы тұлғалар  жауапқа тартылады.


Өзгелердің жаңалығы