Атырау халқы күлімсі иістен қашан құтылатыны белгілі болды

15 Маусым 2021, 10:18
2992
Бөлісу:
Атырау халқы күлімсі иістен қашан құтылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы бойынша «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру басталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Атырау облысы бойынша «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру басталды. Биыл Атырау қаласының сол жағалауында жаңа кәріз-тазарту құрылғылары пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылы аяқталатын ескі кәріз-тазарту нысандарын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. 2024 жылы «Квадрат» булану алаңын тазарту аяқталады, - деді Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында. 

Айта кетейік, 860 гектарды құрайтын үлкен алқаптағы күлімсі иістен Атырау халқы тұншығып отырғаны жасырын емес. Бұл аумақ - Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі. Бүгінде аталған зауыт «TAZALYQ» жобасы аясында осы алқаптарды рекультивациялауға кіріскен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мырзағалиев ауасы ең қатты ластанған 10 қала туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы