Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

11 Мамыр 2021, 02:21
1502
Бөлісу:
Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балық шаруашылығы комитетінің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылған.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды. Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балық жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлерімен жерге көму арқылы жойылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, тарнспорт пен жұмысшы күші тартылуда, – делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етіліпті.



Өзгелердің жаңалығы