Атырау облысында карантин қайта күшейтілді

17 Маусым 2020, 21:35
1755
Бөлісу:
Атырау облысында карантин қайта күшейтілді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Өйткені өңірде ахуал өзгеріп, науқастар саны артып барады. Аймақтағы бас санитар жаңа қаулы шығарып, баспасөз мәслихатында таныстырды. 

Атырау облысында науқсатардың санының өсуіне орай эпидемиологиялық жағдай толықтай тұрақтанғанша карантиндік шектеу шаралары күшейіледі. Себебі жағдай қиындап кетті. Науқастар саны артты. Сондықтан балабақшалар жұмысы тоқтатылады. 18 маусымнан бастап, қаладағы көліктердің қозғалысына  кешкі 23:00-ден 06:00-ге дейін толықтай тыйым салынады. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық , өрт сөндіру, коммуналдық  қызметкерлердің көліктеріне шектеу жоқ. Жиналыстар, семинарлар, конференциялар селекторлық режимде өткізіледі.  Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ы  қашықтан жұмыс жасауға ауысады. Халыққа қызмет көрсету орталығы  онлайн режимге көшеді. Ал мүмкін емес қызметтерді  сағат таңғы 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін алдын-ала жазу бойынша жүзеге асырулары тиіс. Мұндай әрекетке баруымызға қазіргі ахуалдың салдары. Жергілікті халық түсіністік танытып, індетпен бірге күресуі тиіс, - деді Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиев.

 Облыстағы қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы таңғы 10.00-ден 21.00-ге дейін, ал білім еру орталықтары, үйірмелердің уақыты сағат 09.00-ден 16.00-ге дейінге рұқсат етілді. Бас санитар тағы біраз күшейтілген ережелерді айтып өтті.

Облыс әкімдігі осы сақтық шараларын жүзеге асыруға жұмыс істеуі керек. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық  шараларын соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға, саябақтарға, жағалауларға баруға тыйым салынады, - деді Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиев.

Дәрігерлердің айтуынша, облыстағы науқастардың басым бөлігі скринигтік тексеру кезінде байқалған. Сондай-ақ, аудандарда да жағдай ушығып кеткен.

Қазір Атырау облысы бойынша тіркелген науқастар саны 1341-ге жетті. Соңғы күннің өзінде 17 адамнан анықталды. Ауруханадаға 193 науқастың 7-еуі ауір халде. Соңғы кездері аурудың белгілері жоқ, бірақ сынамасы расталған адамдармен қатынаста болғандардан коронавирус анықталып жатыр, - дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылары аймақтағы инфекциялық ауруханада орынның тапшы екенін жасырмады. Өйткені 180 орындық медициналық мекемеде қазір 193 адам ем алып жатыр. Өңірде науқастар саны күрт өскен.
Өзгелердің жаңалығы