Тірі туылған нәрестені өлі деп жазған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты

2 Сәуір 2020, 12:02
2047
Бөлісу:
Тірі туылған нәрестені өлі деп жазған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры тірі туылған нәрестені өлі деп жазғаны үшін сотталды. 

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров онлайн брифинг барысында айтты.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы" директорының міндетін атқарушы И. Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады, - деді ол. 
Данияр Бигайдаровтың айтуынша, ол тірі туылған нәрестені өлі туған ретінде көрсетіп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған.
Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған ретінде көрсетіп, оны патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына жалған ақпарат енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті болды, - деді жемқоролыққа қарсы агенттік өкілі. 

28 наурызда Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И. Молдағалиев 1 325 500 теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Өзгелердің жаңалығы