Атырау облысының әкімі жол құрылысы туралы айтты

9 Тамыз 2020, 10:45
2433
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі жол құрылысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Махамбет Досмұхамбетов "Атырау - Астрахан" тас жолы құрылысында ​600-ден астам жол-құрылыс мамандары жұмыс істеп жатқаны туралы айтты.

Яғни, қазіргі уақытта жол-құрылыс жұмыстары Мақат-Қандағаш (330-458 км) және Атырау-Астрахан (648-893 км) учаскелерінде жүргізілуде. Онда​ 160-тан астам жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр, - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәслихат сессиясында алты айдың жұмыс қорытындылары туралы​ ​баяндамасында.
Еске сала кетелік, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Атырау - Астрахан" (РФ шекарасы) автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда.​
 
 







Өзгелердің жаңалығы