Бас жаңалықтар
Атырауда анықталған 49 жастағы әйел COVID-19 індетін ұшақта жұқтырған болуы мүмкін
31 Наурыз 2020, 16:21 226

Атырауда анықталған 49 жастағы әйел COVID-19 індетін ұшақта жұқтырған болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін "Алматы-Атырау"  рейсіндегі жолаушылардың бірі коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

21 наурыз күні келген  "Алматы-Атырау"  рейсінің  кемінде екі жолаушысы  COVID-19 жұқтырған.  Олардың бірі -  29 наурызда  инфекциялық карантин аймағына  орналастырылған 19 жастағы студент болса,  екіншісі - бүгін, 31 наурызда коронавирус инфекциясы анықталған 49 жастағы әйел. Әйелдің  қауіпті ауру жұқтырғаны студентпен байланыста болған адамдарды тексеру кезінде расталған.

Осыған  дейін, студенттің "Алматы-Атырау" бағытындағы рейспен 17 наурыз да келгені  хабарланған болатын.  Кейінірек студент  жігіттің Атырауға   21 наурызда келгені  айқындалды.

Аталған  рейстегі барлық жолаушылар анықталып, оқшауланды, қазіргі уақытта оларға  ПТР-тест жасалуда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...