Бас жаңалықтар
Атырауда індет жұқтырушылар саны күрт көбейді
06 Сәуiр 2020, 09:18 1574

Атырауда індет жұқтырушылар саны күрт көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

5 сәуір күні  Атырауда коронавирустың тағы алты жағдайы айқындалды.  Арасында  1986, 1983 және 1960 жылғы  үш ер адам,  1969 және 1957 жылғы  екі әйел бар. Ал, алтыншы науқас  18 жастағы қыз.

Олардың барлығы инфекция жұқтырғандармен байланысты болған. 

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға оқшауланып, тиісті емдік шаралары  жүргізілуде. Олармен байланыста болғандар  тізімі жедел түрде анықталып, оқшауланды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...