Атырауда өңірлік стартаптарды дамыту бағдарламасы ұсынылды

8 Қараша 2019, 15:48
1736
Бөлісу:
Атырауда өңірлік стартаптарды дамыту бағдарламасы ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мұнай-газ саласындағы жобаларға және жергілікті атқарушы органдардың бастамаларына арналған "Мұнай-газ саласын цифрландыру" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға министрліктер мен әр түрлі компания өкілдері қатысты. 

Іс-шара аясында Astana Hub атқарушы директоры өңірлік стартаптарды дамыту бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, қатысушыларға Astana Hub стартаптарын қолдау бағдарламалары таныстырылды. 
Еліміздің инновациялық экожүйесін құруда өңірлерде стартап-мәдениетті дамыту өте маңызды. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде IT-хабтарды ашу бойынша тренд байқалады. Біз Қазақстан өңірлерімен стартаптармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісуді жоспарлап отырмыз. Екі жыл ішінде Astana Hub технопаркі технологиялық кәсіпкерлерді дайындау мен дамытудың табысты үлгісін көрсетті. Осылайша, "Startup Sapary" бағдарламасы әзірленді, оның аясында біздің менторлар облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларға барады. Біз әрбір өңірлік ІТ-хабқа қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Әділет Нұрғожин.
Бір ай ішінде Astana Hub-тың сарапшылар командасы технопарк қызметімен таныстырып, ел арасында технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін ілгерілету үшін Қазақстан өңірлеріне "Startup Sapary" бағдарламасымен барады. 

Astana Hub командасы 14 облыс орталығын және республикалық маңызы бар Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды. Astana Hub сарапшылары "Startup Sapary" бағдарламасы аясында Атырау қаласына келді. 

Мұнда жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс істейтін ұйымдармен бірлесіп ұзақ мерзімді әріптестік келісімдер жасау көзделіп отыр.  
 
Сапар барысында Community (қауымдастық) аймақтық стартапын қалыптастыру және инновациялық экожүйені құру жоспарлануда, бұл стартап-жобаларды дамыту бойынша білім алғысы келетін дарынды студенттерді, іскер мамандарды және перспективті ІТ-компанияларын анықтауға және өз идеяларын барынша қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.
Барлық сапарлардың қорытындысы бойынша, Astana Hub командасы инновациялық экожүйенің жай-күйіне, өңірдің инфрақұрылымы мен салаларын цифрландыруға IT-қоғамдастықтың дайындық деңгейіне бағалау жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған орай, әрбір өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспары әзірленетін болады, оған Astana Hub оқыту бағдарламалары мен әдіснамалар және тәжірибемен бөлісу кіреді. 



 
Өзгелердің жаңалығы