Атырауда нәрестені қасақана өлтірген дәрігерлердің шағымы қарала бастады

15 Маусым 2021, 22:55
3752
Бөлісу:
Атырауда нәрестені қасақана өлтірген дәрігерлердің шағымы қарала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда сот жаңа туған шақалақты өлдіге санап, тоңазытқышта қатырған дәрігерлерге қатысты апелляциялық шағымды қарауды бастады.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Талап-арыз онлайн форматта қаралып жатқандықтан байланыс нашар. Таңға жоспарланған сот отырысының уақыты 2 рет өзгерді. Айыпталушылардың шағымын облыстық сот қарап жатыр. Кінәлі деп танылғандардың істі «өзге өңірдің сотына берсін«» деген талабы қабылданбады.

Бүгінгі отырыста қорғаушылар апелляциялық алқадан қылмыстық істі офлайн қарауды сұрады.

Еске сала кетейік, дәрігерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде құжаттарды қайта ресімдегісі келмей, оны тоңазытқышқа салған.

Қаңтар айында сот үкімі бойынша облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, ал қарамағындағы акушер гинекологтар 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Өзгелердің жаңалығы