Бас жаңалықтар
Атырауда қойма өртенді
27 Наурыз 2020, 07:47 250

Атырауда қойма өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда қойма өртеніп, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт үлкен мөлшерде ағаш есіктер сақталатын қоймада болды. Ғимарат ішінде басталған өрт төбеге жайылды. Өрттің жалпы ауданы 125 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірілді. 1955 жылы туған ер адам зардап шеккен. Оның екі қолы мен бетін күйік шалған. Өрт сөндірушілер зардап шегуші азаматты жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Кисикова.

Оның айтуынша, өртті сөндіруге 13 өрт сөндіру және құтқару құрамы мен үш техника жұмылдырылған. Әзірге өрттің шығу себебі анықталуда.


Фото: дереккөз
Загрузка...