Атырауда үш адам уланып қайтыс болды

11 Желтоқсан 2019, 09:37
5459
Бөлісу:
Атырауда үш адам уланып қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда екі ер адам мен бір әйелдің денесін 10 қараша күні тапқан. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олардың денесін Жұлдыз шағын ауданында сағат 17:30-да тапқан. Қаза болғандар 1927, 1971, 1978 жылы туғандар.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлімі бойынша (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер - төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Олардың неден уланғаны туралы мәлімет жоқ. Алдын ала болжам бойынша, олар газдан улануы мүмкін.



Өзгелердің жаңалығы