Атыраудан еліміздің барлық өңіріне әуе рейсі ашылады

25 Мамыр 2020, 21:01
1330
Бөлісу:
Атыраудан еліміздің барлық өңіріне әуе рейсі ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда Атырау облысының әкімі М.Д.Досмұхамбетовтың бастамасымен Атыраудан еліміздің өзге қалаларына әуе рейстерін қайта жандандыру мәселесі қаралды. 

Отырыс қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия шешімімен 25 мамырдан бастап Атыраудан еліміздің барлық қалаларына әуе рейстерін қайта ашу туралы шешім қабылданды.

Бастапқы кезеңде рейстер келесі кесте бойынша орындалады:

Air Astana

  1. Атырау – Алматы, Атырау - Нұр-Сұлтан – аптасына 7 рейс.

SCAT

  1. Атырау – Нұр-Сұлтан – аптасына 5 рейс (1 маусымнан – 7 рейс);
  2. Атырау – Ақтау – аптасына 7 рейс (1 маусымнан – 14 рейс).

Qazaq Air

  1. Атырау – Ақтау – аптасына 4 рейс;
  2. Атырау – Ақтөбе – аптасына 7 рейс;
  3. Атырау – Орал – аптасына 3 рейс;
  4. Атырау – Шымкент – аптасына 2 рейс.

Fly Arystan

  1. Атырау – Шымкент – аптасына 3 рейс (шілдеден)

Әуе компаниялары рейстер кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін.

Рейстер әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен жоғары санитарлық қауіпсіздіктің шараларына сәйкес орындалады:

- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

- термометрия, әуе кемесі бортына отырғанға дейін әлеуметтік қашықтықты ұстану;

- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныс артатынын ескере отырып, қалалар арасындағы рейстер санын әуе компаниялары сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып белгілейді. 

Өзгелердің жаңалығы