Атырауды кәсіпорындар көгалдандырады

25 Ақпан 2021, 16:45
1967
Бөлісу:
Атырауды кәсіпорындар көгалдандырады
Фото: автордан

Атырау,BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында өткен жылы экологиялық заңнаманы бұзғандардан 94 млн 390 мың теңгеден астам айыппұл өндірілген. 

Ал қоршаған ортаға залал келтіргендерге 106 ұйғарым шығып, оның 58-і 815 миллион теңгеге жуық өтемақы төлеген. Бұл Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының баспасөз мәслихатының мәліметі.

Айтуынша облыста экологиялық заңнаманы бұзатын «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС және «Норт Каспиан Опрейтинг Компани Н.В.» компаниясы сияқты ірі кәсіпорындар екен. 

Өткен жылғы облыстағы ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 378,8 мың тонна. Оның ішінде 358 мың тонна немесе 90% облыстың 6 ірі кәсіпорынның үлесіне тиесілі. Атмосфералық ауаға нақты шығарылған шығарындылар көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 164 мың тоннадан 150 мың тоннаға азайды. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша 83 тексеру жүргізілді. Инспекторлар тексерулер жүргізу кезінде 244 заң бұзушылықты анықтады. Осы экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 174 нұсқама берілді. Табиғат пайдаланушылардың барлығы берілген нұсқамаларды орындады. Өткен жылы департамент 91 әкімшілік іс қозғады. 73 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 96 017 000 теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде қаулы шығарылды. Қазіргі уақытта ерікті түрде жалпы сомасы 94 390 895 теңге айыппұл өндірілді. Жалпы сомасы 1 184 995 111 теңгеге қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалауды өтеу туралы 106 ұйғарым ұсынылды. Оның ішінде бүгінгі күні жалпы сомасы 814 959 436 теңге болатын 58 ұйғарым өндірілді, - дейді Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов. 

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірді көгалдандыру үшін ірі компаниялармен меморандум жасап жатыр. Бұл келісімге «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-гі мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ы қол қойған. Ал НКОК және Теңізшевройл компаниялары мұны әлі талқылап жатқанын айтады. Дегенмен бұл компанияларға ағаш егетін аумақтар белгіленген. 

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-гі үшін Атырау қаласындағы «Тухлая балка» буландыру алаңы ауданында 10 жылға жалпы ауданы 1420,9 га учаске бөлінді. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» компаниясының филиалы Атырау-Доссор трассасының оңтүстік жағындағы «Соколок» каналы ауданынан 4 жылға ауданы 1373,5 га учаске бөлді. «Теңізшевройл» ЖШС-гіне Қайыршақты ауылдық округінің аумағынан 6 жылға жалпы ауданы 1722,1 гектар жер телімі, «Ембімұнайгаз» АҚ-ына Талғайран ауылдық округінің аумағында 3 жылға жалпы ауданы 243,2 га жер телімі бөлінді, - дейді дейді Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Өзгелердің жаңалығы