Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды

15 Тамыз 2020, 20:17
2937
Бөлісу:
Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қостанай облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, шаңды дауыл. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының күндіз кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік батысында найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады кей жерде 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. 

16-18 тамызда Жамбыл облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20, күндіз 16 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күтіледі. 

16 тамызда түнде Маңғыстау облысының кей жерінде найғазай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысында күндіз қатты ыстық болып, сынап бағанасы 35-36 градусқа көтеріледі. 




Өзгелердің жаңалығы