Ауа райы: Қарағанды облысында үсік жүреді

23 Қыркүйек 2020, 07:07
1803
Бөлісу:
Ауа райы: Қарағанды облысында үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК елімізде 23 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын жариялады.

Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс циклоны әсер етуде: жаңбыр жауады, кей жерінде қара нөсер құяды, солтүстік-батыста және қиыр солтүстікте найзағай мен шаңды дауыл сақталады, бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман күтіледі.

Солтүстіқ Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 25 м/с, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы