Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

29 Қыркүйек 2020, 07:21
1235
Бөлісу:
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қыркүйек күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің үш қаласында - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы