Аудандық мешіт ауруханаға тыныс алу аппаратын табыс етті

27 Қазан 2020, 21:45
1594
Бөлісу:
Аудандық мешіт ауруханаға тыныс алу аппаратын табыс етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мәуліт – мейірім айы» акциясының аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев аудандық орталық ауруханаға 3 тыныс алу аппаратын табыс етті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.

Әлемді жайлаған індет кезінде халқымыздың денсаулығына жан-жақты үлес қосу барлығымызға парыз.Қазіргі таңда мешіттерімізбен кәсіпкер азаматтарымыз халықтың саулығын ойлап, шама-шарқынша көмек көрсетіп жатыр. Біз осы бағытта түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырудамыз. «Ер Жәнібек» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен осынау тыныс алу аппараттарын ұсынып отырмыз. Ешкім ауырмасын, ауырғандарға Алла шипа берсін, – деді бас имам.

Аудандық аурухананың бас дәрігері тыныс алу аппаратын қабылдап алып, алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы