Бас жаңалықтар
Ауғанстан орталығында жарылыс болды
29 Қараша 2020, 13:09 144

Ауғанстан орталығында жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның Газни қаласында жарылыс болды, салдарынан 21 адам қайтыс болып, 17 адам жарақат алды. 

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Жергілікті аурухана басшысы атап өткендей, оқиға салдарынан әскери қызметкерлер зардап шеккен. Оқиға Ауғанстанның әуе күштері базасының жанында болған. Онда миналанған автомобиль жарылды.

Бұл жағдайға дейін атыс естілген. Ауғанстан аумағында жұмыс істейтін экстремистік топтар болған оқиға үшін жауапкершілікті әлі мойнына алған жоқ.

Газни қаласы - Ауғанстанның аттас провинциясының әкімшілік орталығы, ол елдің орталық бөлігінде орналасқан.

Қараша айында АҚШ Ауғанстан мен Ирактан әскерлерді шығару жоспарлары туралы айтты. АҚШ Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер 15 қаңтарға дейін екі елде де адам саны 2,5 мыңға дейін қысқаратынын айтты. Мұндай бұйрыққа Президент Дональд Трамп күштерді қайта топтастыру аясында қол қойғаны аталған еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...