Ауғанстанда жарылыс болып, оннан астам адам қаза тапты

18 Қазан 2020, 17:45
1736
Бөлісу:
Ауғанстанда жарылыс болып, оннан астам адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстанның батысындағы Чагчаран қаласында полиция басқармасы маңында жарылыс болды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алған.

Алдын ала болжам бойынша өзін құрбандыққа шалған адам көлікке жарылғыш затсалып әкелген. Жарылыс жексенбі күні жергілікті уақытпен 11.15 шамасында болған. 

Провинцияның полиция басқармасы, әйелдер ісі жөніндегі басқарма ғимараты және басқа да нысандар мен көлік құралдары жарылыстан бүлінген. 

Қзаіргі кезде қауіпсіздік күштері жарылыс болған жерді қоршауға алған.

Өзгелердің жаңалығы