Бас жаңалықтар
Қауіпсіздік бәрінен маңызды!
19 Қыркүйек 2020, 23:38 116

Қауіпсіздік бәрінен маңызды!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ-ның ұйымдастыруымен тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қала тұрғындары арасында ауру таралуының алдын алу және сақтық шараларын ескерту мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ, Полиция департаменті және қалалық волонтерлар штабымен бірлесіп, қала тұрғындары арасында карантин режимінің сақталуы және қоғамдық орындарда бетперде тағу бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Мемлекет басшысы өз Twitterінде: «Қалаларда карантиндік шаралар сақталмайды, бұл жұқтырғандар санының артуына әкеледі. Үкімет, облыстардың, қалалардың әкімдері жағдайды түзетуі тиіс. Көпшілік орындарда, қоғамдық көлікте маскалар кию міндетті болып табылады", – деп жазған болатын.

Аталған акция басқа аймақтардағы Қазақстан азаматтары мен қонақтары арасында оң пікірлер қалыптастырып үлгерді.

Адамдар өздерінің өміріне ғана емес, өзгелердің өміріне де жауапты екенін түсіндіргіміз келеді. Тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмыстары апта сайын тұрақты жүргізіліп отырады. Бастапқыда біз сауда ойын-сауық орталықтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрдік. Ал қазір көбіне саябақтар мен аялдамаларда түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жалғасатын болады. Қауіпсіздік бәрінен маңызды! – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері Арайым Сапарәлі.

Акцияның басты мақсаты – адамдарға сақтық шаралары туралы ескертіп, тек өз өмірлеріне ғана емес, жақындарының өміріне де қауіп төндіретінін түсіндіру.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...