Ауыл маңынан көшкен үйір киік видеоға түсіп қалды

22 Мамыр 2020, 17:45
2411
Бөлісу:
Ауыл маңынан көшкен үйір киік видеоға түсіп қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Видеоны Руслан Батыров есімді азамат әлеуметтік желіге салған.

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылының тұрғындары ауыл маңынан құралайын ерткен үйір-үйір киікті видеоға түсіріп алған. Киіктердің көптігі соншалық, видеода  жолда келе жатқан көлік иесі қанша  сигнал берсе де, дала жануарының жолдан кете қоймағаны көрінеді. Видеодағы дауыстан киіктердің адамнан аса қорықпағаны да байқалады. 

Осыдан бірер күн бұрын Қазақстан Республикасы Эгология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дәлдахмет Facebook-тегі парақшасында киіктердің төлдеуі аяқталғанын жазған болатын. 

Мамырдың басында басталған киіктердің төлдеуі күні кеше аяқталды. Биылғы көктем жайма-шуақ болып, ақбөкендердің еш уайымсыз төлдеуіне ыңғайлы болды. Бетпақдала, орал және үстірт популяцияларында төлдеу әртүрлі уақытта басталса да, бірдей кезеңде аяқталды. Жазды өткізіп, мизамға шыққанда биылғы санақты өткіземіз. Амандық болса, былтырғы 334 мың межеден асуымыз қажет, - деп жазды ол.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға мемлекет басшысының атынан алғыс хат тапсырды.

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық биоалуантүрлілікті сақтау күні. 1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды.



Өзгелердің жаңалығы