"Ауыл" партиясы "Еңбек озаттарының IV форумын" өткізеді

12 Желтоқсан 2019, 09:10
3047
Бөлісу:
"Ауыл" партиясы "Еңбек озаттарының IV форумын" өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 желтоқсанда "Ауыл" Халықтық- демократиялық патриоттық партиясы "Еңбек озаттарының IV форумын" өткізеді. Бұл туралы аталмыш партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетін Форумда ауылшаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет, спорт және басқа салаларды дамытуға елеулі үлес қосқан партия мүшелері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.


"Ауыл" партиясының XVI Съезінде "Еңбек адамы – Ел тірегі" атты саяси бастама қабылданды. Оның мақсаты – еңбек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалыптастырып, ауыл еңбеккерлерінің беделін арттыру. Бұл бастама партияның 2016 жылдан бері өткізіп келе жатқан дәстүрлі "Еңбек озаттарының форумында" туындап, қазіргі таңда барлық филиалдар тарапынан қолға алынып жатыр. Соңғы үш жылда партияның 500-ден астам мүшесі мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды. Биылғы жылы "IV Еңбек озаттарының форумында" партияның 190 мүшесі түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталмақ. Олардың ішінде "Құрмет", "Шапағат" және "Ерен еңбегі үшін", "Президенттің құрметті грамотасы" сияқты мемлекеттік жоғары наградаларға ұсынылғандар да бар, - делінген хабарламада.

"Ауыл" партиясы Елбасы Н.Назарбаевтың "Елімізді ілгері жетелеуші күш – еңбек адамы" деген ұстанымына қолдау көрсете отырып, қоғамда еңбек адамы ерекше құрметке лайық деп біледі.

"Еңбек озаттарының IV форумы" С.Сейфуллин атындағы Қазақ Ұлттық агротехникалық университетінің Гендельман атындағы коференц-залында өтеді.



Өзгелердің жаңалығы