«Ауыл» партиясының тізімі тіркелді

26 Қараша 2020, 15:31
1885
Бөлісу:
«Ауыл» партиясының тізімі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Орталық сайлау комиссиясының отырысында партиялық тізімін тіркеді. 
 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімінде 19 адам, 4 әйел және 29 жасқа толмаған 2 адам енгізілген, бұл - тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызы. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді,- деді Асылбек Смағұлов. 

 

Осыған байланысты комиссия мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы