Ауыл тұрғындары бос уақыттарын тиімді өткізетін болды

3 Шілде 2020, 16:46
2486
Бөлісу:
Ауыл тұрғындары бос уақыттарын тиімді өткізетін болды
PHOTO

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елорда күні мерекесі қарсаңында Бородулиха ауданының Петропавловка ауылдық округінде тұрғындар көптен күткен игілікті істің басы қайырылып, "Jana Dem" мәдени бос уақыт орталығы ашылды.

IMG-20200703-WA0002.jpg

Орталықты ашу мақсатында биылғы жылдың мамыр айында ауылдық округ әкімінің бастамасымен әкімдік ғимаратының бір бөлігінен 145 шаршы метр алаң бөлінген болатын. 

IMG-20200703-WA0006.jpg

Бұл іске немқұрайлы қарамаған "Витязь" шаруа қожалығы мен басқа да кәсіпкер азаматтардың демеушілігі арқасында ғимарат қайта жөндеуден өткізіліп, жастар өкілі болып келетін Анель Ілиясова мекемені орталық ретінде әділет органдарында тіркеді.

IMG-20200703-WA0003.jpg

Бұл орталықтың басты міндеті - округ тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауының "Әлеуметтік модернизациялаудың жаңа кезеңі" тармағын және Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Алдын ала жүргізілген зерттеу нәтижесінде ауылдың кәрі-жасының өзін-өзі дамытудан аулақтанып, спорттық үйірмелерге бармай, оның орнына үйде қамалып, түрлі гаджеттер мен теледидар алдынан шықпайтын болғанын анықтадық. Осының нәтижесінде үйде омалып, уақыттарын босқа өткізетін олардың денсаулықтары да сыр бере бастаған. Адамға айналадағы басқа жандармен қарым-қатынас, ұжымдық, өзгенің көңілін табу сияқты сезімдер ауадай қажет. Түрлі игіліктің қолжетімді болуы адамдардың көңілдерінен болашаққа деген алаңдаушылықты кетіріп, балалар жақсы білім алуға қызықпайтын болып кетті. Жастардың өзін-өзі дамытуға деген селқостығы олардың ойлау қабілеттері мен жаңа дағдыларды меңгерудегі мүмкіндіктерін төмендетіп жібереді. Осы себепті мұнда алдағы уақытта ауыл тұрғындарының қатысуымен театрлық үйірме, әншілер хорын ұйымдастырып, балаларға арналған шахмат, дойбы және басқа да түрлі ой-өрісті дамытатын үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз, - деді округ әкімі Марат Жүнісов орталықтың ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде.

IMG-20200703-WA0007.jpg

Бұдан бөлек, орталықтың ашылу салтанатына қатысты маусым айында округ тұрғындарының арасында қолданбалы көркемөнер бағытында конкурс жарияланған болатын. 

IMG-20200703-WA0005.jpg

Елорда күні қарсаңында шығарылған конкурс қорытындысы бойынша қолданбалы өнер номинациясында Наталья Соседова, ал көркемөнер номинациясында Әйгерім Ильясова жеңімпаз атанып, бағалы жүлделерге ие болды. 

IMG-20200703-WA0008.jpg

Сонымен қатар, нысанның ашылу салтанатында мәдени орталықтың халық игілігіне берілуіне қаржылай көмек көрсеткен шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары да мадақтамасыз қалған жоқ.


Өзгелердің жаңалығы