Ауылда өз кәсібін ашқысы келетіндер көп

17 Мамыр 2021, 15:56
2788
Бөлісу:
Ауылда өз кәсібін ашқысы келетіндер көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы консультат-тренер Рауан Ерулан «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасы аясында өткен брифингте айтты.

Әлеуметтік жоба тоғызыншы жыл жүзеге асырылып отыр. 2013 жылдан бастап осы күнге дейін 81 әйел өз кәсібін ашу бойынша грант алды. Олар өз ауылдарында 200 жұмыс орнын құрды. Осы кезеңде жоба аясында «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы 350 тренинг өткізді. Пандемияға дейін бұл шаралардың барлығы офлайн өтетін. Біз әр ауылға барып, әйелдерге сабақ өткіздік. Осы аралықта 35 мың адам біздің тренингтерге қатысты, - деді ол.

Рауан Еруланның айтуынша, байқауға 3500 әйел қатысқан.

Бүгінде жеңімпаздардың 62 пайызы ауыл шаруашылығы, 24 пайызы қызмет көрсету, 14 пайызы халық қолданатын әртүрлі тауарлар өндіру саласында ашылды. Ауыл шаруашылығы саласында өз кәсібін ашқысы келетіндер қатары көп, - деді Рауан Ерулан.

Оның айтуынша, жеңімпаздардың бірі 12 жұмыс орнын ашты. Оның жылдық айналымы 35 млн теңгені құрады.

Тағы бір жеңімпазымыз жұмыртқа өндіру бойынша кәсіп ашты. Ол экокешен аясында жұмыс істеп жатты. Тағы бір грант алушы жылыжай ашқан еді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы