Бас жаңалықтар
Египетте аяғы бар киттің сүйектері табылды
12 Желтоқсан 2019, 13:10 1968

Египетте аяғы бар киттің сүйектері табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египеттің шөлейтті жерлерінен киттің сүйектері табылды. Мамандардың айтуынша, ол жер бетінде жүре алатын киттердің арғы атасы мен қазір жүзе алатын киттердің аралық түрі болуы мүмкін. 

PLOS One мәліметінше, бұрынғы заманның киттері (Protocetus) эоцен дәуірінде (56-33,9 млн жыл бұрын) Африка, Азия және Америкада мекен еткен. Олар суда жүзе білген. Алайда, әлі де аяқ-қолдары болған.

Aegicetus gehennae деп аталатын киттің жаңа түрі ең "жетілдірілген" нұсқасы саналады. Бұл сүтқоректілердің денесі мен құйрығы ұзын, ал артқы аяқтары кішкентай болған. Бұдан бөлек, дамуында өзгеріс пайда болған киттің артқы аяқтары мен омыртқасы арасында байланыс нашарлай берген. Яғни, аяқтары дұрыс қозғалмаған.

Зерттеу авторларының пікірінше, киттер суда қолтырауындар сияқты жүзген. Ол үшін олар денесінің ортаңғы бөлігі мен құйрығын пайдаланған. 

47-41 млн жыл бұрын өмір сүрген алғашқы киттер аяқ-қолдарының көмегімен жүзген. Ал базилозаврлар мен қазіргі киттәрізді жануарлар жүзу үшін құйрығын пайдаланған.

Aegicetus gehennae - дене құрылысы бойынша, пайда болған уақыты бойынша аралық звено саналады. Себебі оның омыртқа бағанасы ірі әрі мықты болған. Бұл жүзу кезінде құйрығын пайдаланатын жануарлар үшін өте маңызды, – деді ғылыми жұмыстың жетекші авторы Филипп Джинджерич.

Ғалымдардың сөзінше, олар тауып алған кит өмір сүрген кезде ұзындығы 3,5 метр, ал салмағы 900 кг жеткен. Бұл осы уақытқа дейін табылған Protocetus арасындағы ең жасы - ол 35 млн жыл бұрын өмір сүрген.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...