Аяқты шірітіп жіберетін ауруға шалдықты. Депутат Маминге мәселені төтесінен жеткізді

27 Қаңтар 2021, 11:47
3826
Бөлісу:
Аяқты шірітіп жіберетін ауруға шалдықты. Депутат Маминге мәселені төтесінен жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутат Гүлнәр Бижанова Премьер-министр Асқар Маминге ауылдарға ветеринарлық дәрігерлер жетіспеушілігінен вирустық аурулар көбейіп жатқанын айтып, сауал жолдады.

Сайлауалды компания кезіндегі кездесулер барысында Қарағанды өңірінің әрбір ауылында тұрғындар ветеринарлық дәрігерлер мен ветеринарлық пункттердің жоқтығы мәселесін көтерді. Осыған ұқсас сұраулар басқа аймақтардың өкілдерінен маған Facebook парақшама бірнеше рет жіберілді, - дейді депутат.

Ол бұл мәселе жаңа туындаған мәселе емес. Көптеген қайта құрулар нәтижесінде қауіпті инфекциялармен күресу үшін алдыңғы қатарда тұрған ауылдық ветеринария құлдырады. Елімізде мезгіл сайын адам өмірі үшін қауіпті жұқпалы аурулардың өршуі болып жатыр деп дабыл қақты.

Мысалы, осы жылдың жазында нодулярлық дерматит деп аталатын вирустық аурудан ірі қара малдың едәуір бөлігі қырылды. Биыл да жылқылар аяқты шірітіп жіберетін вирустық ауруға шалдықты. Мұндай малдың еті ертең дастарқаннан орын алуы әбден мүмкін! Оның салдары қандай болатынын болжау да қиын… «Бастау бизнес» бағдарламасына кредит беруге бағытталған қаражаттың негізгі көлемі нақ ауылдық жерлерде игеріліп жатқанын ерекше атап өткен жөн. Негізінен, жеке ісін дамыту үшін мал сатып алынады. Өздеріңіз білетіндей, қарыз қаражатын пайызбен қайтару керек, - дейді Бижанова.
Ол мемлекет ауылдарда өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Бірақ сонымен бірге оның дамуы үшін жеткілікті жағдайлар жасалмайды. Ауылдық ветеринария мәселелеріндегі ірі кемшіліктер, керісінше, жобаның көптеген қатысушысы қарыздық құлдыққа түсуіне ықпал етеді деп отыр.

Қазіргі уақытта ветеринардың белгілі бір мәртебесі де жоқ. Жалақы төмен, нақты еңбек күшіне, қауіптілігіне сәйкес келмейді. Қызметтер бағасының бірыңғай прейскуранттары да қарастырылмаған. Жұмыс үшін қарапайым жағдайлар жасалмаған.

Мысалы, Қарағанды облысында былтыр жыл басындағы жағдай бойынша ауылдық округтердің 90%-ында тиісті инфрақұрылымы бар ветпункт ғимараттары жоқ. Бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігінің де, Үкіметтің де алдына бірнеше рет қойдық. Алайда, қабылданған шаралар жеткіліксіз, - дейді депутат.
Осы  мәселені Үкімет алдында қайта көтере отырып, мынандай шешімдерді ұсынатынын жеткізді:

Бірінші. Ветеринариялық дәрігерлерді азаматтық қызметшілер тізбесіне енгізу.

Екінші. Ауылдық, кенттік округтер әкімдіктерінің деңгейінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің штат бірліктерін бөлу.

Үшінші. Дәрігерлерге арналған жүктеменің бірыңғай нормасы мен ветеринариялық манипуляциялар жүргізуге арналған бағалардың бірыңғай прейскуранты мәселесін қарау.

Өзгелердің жаңалығы