Аймағамбетов жаңа оқу жылына қатысты жоспарларын айтты

4 Тамыз 2020, 09:46
2940
Бөлісу:
Аймағамбетов жаңа оқу жылына қатысты жоспарларын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына қатысты жоспарларымен бөлісті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Сәйкесінше бұл топтардағы балалардың саны он бестен аспауы тиіс. Қосымша білім беру ұйымдарында оқу бойынша балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен оқуға, сонымен қатар бес баладан аспайтын шағын топтардағы үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы біз үшін ерекше маңызға ие. Осы ерекше бүлдіршіндер қазіргі жағдайда үлкен назарды қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан  ата-аналарының таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе  мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады, - дейді Мамин.

Оның айтуынша, денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі.

Жалпы осы ұйымдардың жұмыс тәртібі санитарлық қауіпсіздік нормаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Колледждерге келетін болсақ, педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша қашықтан оқыту, технологиялық, аграрлық, медицина, өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылады. Сәйкесінше зертханалық жұмыстар мен өндірістік  тәжірбиені штатты режимде жүргізуге мүмкіндік болады. Бұған қоса алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын 9 мыңнан аса студенті бар 102 колледж де штаттық режимде жұмыс істейді, - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы