Айыппұл заң бұзушылық деңгейіне сай болуы керек – Атамекен

23 Қараша 2020, 20:57
1555
Бөлісу:
Айыппұл заң бұзушылық деңгейіне сай болуы керек – Атамекен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҚР ҰКП айыппұлдар мөлшерін санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы мөлшеріне шамалас етуді ұсынды. 

Ұлттық палата позициясын Шыңғыс Темір хабарлады. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Президенттің осы тапсырмасы қағаз жүзінде қалатынына алаңдаулы.

Президент жауапкершілікті жіктеуді атап өтті. Ведомствоаралық комиссия хаттама қабылдады, 21 қарашаға дейін осының бәрін бекітетін сәйкес нормативтік түзетулерді қабылдау керек. Уәкілетті орган – Денсаулық сақтау министрлігі осының бәрін формальді түрде іске асырып жатыр. Түзетулер жобасы бізге келіп түсті, онда осы жіктеу бар. Тексеру парағында талаптар тізімі 24 тармақтан 21 тармаққа дейін қысқартылған да. Ол бойынша тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлерінде ауырлық дәрежесі бойынша: «кішігірім», «айтарлықтай», «өрескел» деп бөлінген, – деді Шыңғыс Темір.

Алайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес бұзушылықтарға қарасты жазалау ауырлық дәрежесіне байланысты емес. Демек кәсіпкер санитарлық өңдеудің журналы кестесін жүргізбесе, ал екінші кәсіпкер барлық санитарлық норманы бірдей бұзса да, екі кәсіпкерге бірдей айыппұл салынады.

 Осы бапты бұзу үшін айыппұл мөлшері 2019 жылдың көктем айында еселеп өсіп, келесідей болды:

 - жеке тұлғаларға 30 АЕК (84 мың теңге немесе 200 АҚШ доллары);

- өкілетті тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым өкілдеріне 230 АЕК (640 мың теңге немесе 1,5 мың АҚШ доллары);

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310 АЕК (860 мың теңге немесе 2 мың АҚШ доллары);

- ірі кәсіпкерлік субъектілері 1600 АЕК (4,4 млн теңге немесе 10,5 мың АҚШ доллары).

Біз осы санкцияны жіктеу бойынша ұсыныс айттық. Егер бұзушылық көлемі болмашы болса, айыппұл көлемі де соған сәйкес болады. Егер бұзушылық өрескел болса, қатаң жаза қолданылады. Ол үшін Құқық бұзушылық туралы кодекске кіру керек, онда өзіндік процедура бар, осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Органдардың кейбірі бізбен келіспейді. Біздің позициямыз айыппұл мөлшері бұзушылық көлеміне сай болуы керек. Әзірге 425-бапта мұндай түзету жоқ, бірлескен бұйрық айыппұл мөлшеріне әсер етпейді, – деп Шыңғыс Темір қорытындылап, Ұлттық палатаның заңнамаға түзетулер енгізуге ниетті екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы