Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді

6 Тамыз 2020, 20:35
1080
Бөлісу:
Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирус инфекциясымен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиниклық госпитальдарына COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді.

Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.


Өзгелердің жаңалығы