Қазақстан елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

24 Қыркүйек 2020, 18:35
2094
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Лама Шариф «әл-Иттихадия» президенттік сарайында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге сенім грамоталарын тапсырды. 



Салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.

Өз кезегінде Мысыр Президенті елші Қ.Лама Шарифқа жаңа жауапты қызметіне табыстар тілей отырып, Қазақстан басшылығына достық лебіздерін білдірді.
Мысыр Президентіне Еуропа Одағы, Бельгия, Дания, Нидерланд, Португалия, Мажарстан, Корея Республикасы, Израиль, Судан, Бангладеш, Эфиопия, Уругвай, Лесото елшілері және Ватикан нунцийі де сенім грамоталарын тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы