Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаға қол қойды

12 Тамыз 2020, 19:32
1515
Бөлісу:
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура қол қойды. 

Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі хабарлады.

Негіздемелік бағдарлама – БҰҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы бес жылдық ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама стратегиялық серіктестер – БҰҰ агенттіктерінің, министрліктердің, азаматтық қоғам өкілдері мен жеке сектордың негізгі ресурстарын шоғырландыру арқылы 2030 жылға арналған күн тәртібіне қол жеткізудің негізгі құралы болып табылады.  

Сондай-ақ құжатқа БҰҰ-ның 22 құрылымының өкілдері, оның ішінде ФАО, КҚХҰ (IOM), ХСҰ (ITC), АҚЖЖКК (OHCHR), ЮНЭЙДС, ЮНКТАД, БҰҰ АҚАБ (UNDRR), БҰҰДБ, БҰҰ ЕЭК, ЮНЕП, ЭСКАТО, ЮНЕСКО, ЮНФПА, БҰҰ-Хабитат, БҰҰ БЖКБ (UNHCR), ЮНИСЕФ, ЮНИДО, БҰҰ ЕҚЖБ (UNODC), БҰҰ ЕБ (UNV), БҰҰ-Әйелдер және ДДСҰ қол қойды.  

Қазіргі сәттің БҰҰ елдік тобы үшін тарихи маңызы зор, өйткені біз Қазақстан Үкіметі және халқымен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтудеміз. Біз ынтымақтастықтың жаңа шеңберін үкіметті, азаматтық қоғамды, ғылыми ортаны, жеке секторды, бұқаралық ақпарат құралдарын, халықаралық қоғамдастықты және БҰҰ-ның өзін қоса алғанда, стратегиялық әріптестердің негізгі ресурстарын шоғырландыру жолымен Қазақстанда 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруда одан әрі алға жылжу тетігі ретінде қарастырамыз, - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Негіздемелік бағдарламаның басымдықтары мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және ғылым өкілдерімен өткізілген көпжақты талқылаулар барысында анықталды. 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне барлық Қазақстан халқы, соның ішінде әйелдер, жастар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар қатысуы керек деген «ешкімді артта қалдырмау» идеясымен жасалды. Барлық әлемдегі сияқты Қазақстандағы пандемиядан туындаған экономикалық құлдырау тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіріп, ынтымақтастық шеңберін іске асыруға әсер етуі мүмкін. Осы дамып келе жатқан қажеттіліктер Ұйымның Қазақстанмен біріккен әрекеті, БҰҰ-ның әлеуметтік-экономикалық ден қою мен қалпына келтіруді қолдау жөніндегі жоспары аясында қолжетімді болады. Бұл мақсат бүгін қол қойылған ынтымақтастықтың жаңа негіздемелік бағдарламасына толық сәйкес келеді. 

Ынтымақтастық бағдарламасы үш тақырыптық бағытта – Адам дамуы және тең құқылы қатысу; Тиімді институттар, адам құқықтары және гендерлік теңдік; Инклюзивті экономикалық өсу және экологиялық тұрақтылық атты стратегиялық серіктестердің бірлескен әрекеттері тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілеріне бағытталған алты бағытта жүзеге асырылады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы дамудың болашақ жоспарлары мен Үкіметтің тұрақты дамуға деген қарқынды ұмтылысы туралы көзқарасты дамыту үшін Қазақстанға арналған қолдауын тереңдетуде. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі құндылықтарға, адам құқықтарына негізделген сенімді серіктес болып қала береді. Ұйым жұмысы мемлекет пен қоғамдағы серіктестерге басқарудың ең қажетті кеңестерін, техникалық көмек пен ғаламдық желілерге қол жеткізуге бағытталған. 

Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы және БҰҰ COVID-19 бойынша әрекет ету жоспары БҰҰ жүйесінің Қазақстан Үкіметі мен халқына 2030 жылға арналған күн тәртібіне қол жеткізу үшін әрдайым тұрақты, интеграцияланған, тиімді даму жолдарын ұстануды білдіреді. 

Өзгелердің жаңалығы