Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

4 Тамыз 2020, 20:09
1339
Бөлісу:
Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы ынтымақтастық болашағын талқылады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сауд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында Қазақстан – Сауд Арабиясы ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы талқыланды, - делінген хабарламада.

Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.
Өзгелердің жаңалығы