Қазақстанда 788 әуе кемесі бар

1 Тамыз 2020, 19:43
2019
Бөлісу:
Қазақстанда 788 әуе кемесі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты және тұрақты емес рейстерді, жүк рейстерін, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын, шағын авиация және жалпы мақсаттағы авиация пайданушыларын қоса алғанда 60 әуе компания тіркелген.  

Жыл ішінде әуе компанияларға 84 инспекциялық тексеру және 4 сертификаттау жүргізілді. Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінің жалпы саны - 788. Әуе кемелеріне 280 инспекциялық тексеру жүргізілді. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы 84 куәлік, 146 ұшуға жарамдылық сертификаты, 18 азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат берілді. Қазақстанда сертификатталған 24 әуежай бар, оның ішінде 17 халықаралық және 7 ішкі әуежай, сондай-ақ 6 сертификатталатын тікұшақ айлағы жұмыс істейді. Авиация әкімшілігімен 11 әуежай және 4 тікұшақ айлағы сертификатталды, 13 инспекциялық тексеру жүргізілді, - делінген хабарламада.

2020 жылы авиация саласына коронавирустық пандемия айтарлықтай әсер етті. Авиация әкімшілігі пандемия салдарын азайту және Қазақстанның азаматтық авиация саласын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізуде.  

Авиация саласының субъектілері үшін ұсыныстар және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау тәсілдері әзірленді. Төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен сертификаттар мен куәліктердің, рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімі ұзартылуда.  

Уақытша процедуралар ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Бұл әуе компаниялардың ҚР заңнамасының қолданыстағы талаптарын сақтауына қашықтықтан бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИКАО және ДДСҰ сарапшыларымен әуе көлігі арқылы аурудың таралуы мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанға Азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылу ұсынылды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесінің (CORSIA) ерікті мүшесі болды.

 Бүгінгі күні Халықаралық азаматтық авиация агенттігі мен (CAAi) Авиациялық әкімшілік арасындағы азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы келісімнің бірінші кезеңі аяқталды. Соңғы тоғыз ай ішінде CAAi сарапшылары Қазақстанның авиациялық заңнамасына талдау жасап, EASA/ЕО ережелерін одан әрі Қазақстанның нормативтік актілеріне енгізу және оларды UK CAA моделімен сәйкестендірудің үздік әдістерін ұсынды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық индустрияда сандық реттеу жүйесін құру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ақпаратты жедел тексеру, келісулерді жеделдету және заңсыз немесе жалған ақпарат беруге арналған әрекеттерді тоқтату үшін үлкен деректер әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Чикаго конвенциясының 83bis бабына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау және бақылау жөніндегі ынтымақтастық туралы бірқатар елмен келісімдерге қол қойды. Бұл пайдаланушылар мен лизингтік компанияларға әуе кемелерін тіркеу үшін таңдау құқығын береді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компания және әуежай өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматыда сала субъектілерімен ұшу қауіпсіздігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін шағын авиация мәселелері бойынша ауқымды кездесу өтті.
Авиациялық әкімшіліктің қызметі Қазақстандағы азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті реттеудің ең заманауи тәсілдері енгізілді. Бұл отандық және шетелдік білікті мамандарды тартуға, жаңа стандарттарды орнатуға және ұшу қауіпсіздігін қадағалауды күшейтуге мүмкіндік берді, - деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Маусымда Еуропалық комиссия Еуропалық одақ елдеріне ұшуға тыйым салынған әуе компаниялардың жаңартылған тізімін жариялады ("қара тізім").  Ұшу қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы туралы Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұсынған зерделенген ақпараттың негізінде комиссия қазақстандық әуе тасымалдаушыларды осы тізімге енгізу үшін негіз жоқ деп шешім қабылдады.

 Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Авиация әкімшілігі Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру және АҚШ-қа ұшу үшін Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) 1 санатын алу үшін Еуропалық комиссиямен және EASA бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Өзгелердің жаңалығы