Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

31 Наурыз 2020, 11:57
4770
Бөлісу:
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz тілшісі. Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 науқас қайтыс болды. Бұл туралы Хабар 24-тің онлайн брифингінде Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Құрметті қала тұрғындары өкінішке орай, коронавирус дертінен бір азамат қайтыс болды. Осы орайда, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қайтыс болған азамат 21 наурызда ауруханаға түскен.
Науқас 21 наурызда жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық ауруханаға түскен. Тексеру барысында коронавирус жұқпасы анықталған. Туысқандары мен әріптестері арасындағы науқаспен жақын байланыста болғандар медициналық ұйымда бақылауда, – деді Сәуле Қисықова.
Науқастың жұмысы іссапарлармен байланысты болған. 1 ай бойы ауырған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Барлық байланыс жасаған 31 адам (туыстары мен әріптестері) ауруханаға жатқызылды, ал 55 потенциальды байланыс жасағандар үй карантинінде. 2 жақын туысынан коронавирус инфекциясы анықталды

Басқарма басшысының айтуынша, 2020 жылдың 31 наурызында ауруханада 1693 адам жатыр. Оның 96-сы 18 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді.
Өзгелердің жаңалығы