Бас жаңалықтар
Қазақстанда UFC турнирі өтеді
25 Ақпан 2020, 02:29 99

Қазақстанда UFC турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында Arlan MMA Pro Team ұйымы баспасөз мәслихатын өткізді. Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов Prosports.kz сайтының тілшісіне UFC-мен келісімшарты туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жалғастың айтуынша, 1 жылдың ішінде 4 жекпе-жек өткізеді. Бірінші жекпе-жегін Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді жоспарлап отыр. UFC ұйымы жақын арада 16 маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін турнир жайлы ресми хабарлама жасайды дейді.

Қазіргі кезде АҚШ-қа визаны  күтіп отырмын. АҚШ-та әлемнің үздік файтерлерімен спарринг өткізгім келеді. Қазақстанда да дайындығымды тоқтатпаймын. Елімізде де жақсы спортшылар бар. Мен әрқашан өзімнің бауырым Сергей Морозовпен жаттығу жасап, жекпе-жектеріме дайындаламын. UFC-де қазақтардың қандай батыр екендігін көрсеткім келеді, бұйыртса UFC чемпионы атанып, тарихта қалу ойымда бар, – деді Жұмағұлов.
Естеріңізге салатын болсақ, Жалғас Жұмағұлов 20 ақпанда UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойды. 

Фото: дереккөз
Загрузка...