Қазақстандық автобизнес экологтарға ауаның сапасын өлшейтін мобильді зертхана табыстады

5 Маусым 2020, 12:59
1639
Бөлісу:
Қазақстандық автобизнес экологтарға ауаның сапасын өлшейтін мобильді зертхана табыстады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюшылар Қазақстанның "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды және төмен көміртекті даму тәсілдеріне көшуді қолдайды.

Сондай-ақ, олар Қазақстан қалаларында қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыруға келісті.

Өңірлердің орнықты дамуының экологиялық құрамдас бөлігі олардың аумақтық дамуының маңызды факторы саналады. Қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету – елдің тұрақты даму шарттарының бірі. 2019 жылғы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау қорытындысы бойынша, ластану деңгейі жоғары қалаларға: Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен енді. Атмосфераның ластануына едәуір қазақстандық автобизнес қауымдастығы қоғамдық ұйым бола отырып, қоршаған ортаға айтарлықтай көңіл бөлетіні қуантады, - деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева.
75fee31d-03cb-46c9-b6c0-ccd059a5ca89.jpg

Өз кезегінде қазақстандық Автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін жұмыс істеу керегін айтты.

Қазақстандық автобизнес экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аса назар аударады. Сондықтан серіктестерімізді дамытудың басым бағыттарының бірі - экологиялық таза автомобильдер, автобустар мен арнайы техника өндірісі және экологиялық отын түрлері. "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін көп жұмыс істеп жатыр. Біздің бірлескен күшіміз осы игі іске көмектеседі деп үміттенеміз, - деп атап өтті Анар Мақашева.
257a631a-d7b6-4802-b446-439cb36fd9d0.jpg

Меморандумның міндеттерін орындау мақсатында қазақстандық Автобизнес қауымдастығы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығына ауаны өлшеу үшін екі мобильді экологиялық зертханаға сертификатын берді.

Отандық өндірістің жылжымалы экологиялық зертханалары қазіргі заманғы жабдықтармен жасақталатын және қалалық көлік жүйелеріне кешенді талдау жүргізуге, олардың ауаның сапасына әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жылжымалы стансалар ауа сынамаларын алуға арналған портативті құрылғы мен ластаушы заттардың концентрациясын анықтауға арналған құрылғымен, жеке қорғаныс құралдарымен, компьютерлер сынды зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Екі жылжымалы станса Нұр-Сұлтан мен Алматыда іске қосылады. Мобильді зертханалардың көмегімен қазақстандық экологтар ауаның сапасын бақылауды жүзеге асырып, ластанудың деңгейі мен негізгі себептерін жедел анықтай алады.

Өзгелердің жаңалығы