Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды" жеңді

22 Ақпан 2020, 15:41
2134
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды" жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров кезекті жеңісіне жетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды.

Бұл жолы Канаданың Римуски қаласында ол 30 жастағы мексикалық "Тайсон" лақапаты бар Рикардо Адриан Луна Флоресті жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабыровқа берді.
26 жастағы қазақстандықтың бұл 11 жекпе-жектегі 11-жеңісі (оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған). Ал Флорес сегізінші рет жеңіліске ұшырады, оның қоржынында 22 жеңіс (14 нокаутпен) және бір тең нәтиже бар. 

Айта кетейік, Нұрзат Сабыров BoxRec сайтының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның үздік боксшыларының ондығына кірді.
Өзгелердің жаңалығы