Бас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Халықаралық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды
28 Қыркүйек 2020, 14:20 162

Қазақстандық оқушылар Халықаралық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада (International Mathematical Olympiad) үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

IMO 2020 жарысына әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды. 

Құрама команданың жаттықтырушысы, математика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Қанат Сатылханов шәкірттерінің жетістіктеріне көңілі толатынын атап өтті. Биыл балалар IMO 2020 халықаралық сайыстың барлық қатысушылары сияқты қашықтан дайындалды.

Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Алтын медаль жеңіп алуға бір ғана ұпай жетпеді. Негізінен біздің балаларымыз өте мықты. Әр бала өз алдына қойған мақсатына жете алады. Осы ретте балаларға қолдау көрсету маңызды. Ата-аналар мен педагогтерге бірлескен еңбегі үшін алғыс айтамын, – деді Қанат Сатылханов.
Ел намысын қорғаған команда құрамына Таир Сатубалдин (Алматы), Тамирлан Бектемісов (Алматы), Нұртас Шынтас (Алматы), Юрий Тен (Алматы), Данат Дүйсенбеков (Нұр-Сұлтан) және Фетуллах Сам (Нұр-Сұлтан) кірді. 

Халықаралық математика олимпиадасының ережелеріне сәйкес жоғары сынып оқушыларына екі күннің ішінде 6 есепті шешуі тиіс. Тапсырмалар математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша, негізінен геометрия, алгебра, сандар теориясы және комбинаторикадан беріледі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...