ҰҚК Қазақстаннан заңсыз шыққан Түркіменстан азаматтарына қатысты түсініктеме берді

26 Қыркүйек 2020, 18:15
1756
Бөлісу:
ҰҚК Қазақстаннан заңсыз шыққан Түркіменстан азаматтарына қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйекте Түркіменстан азаматтары тек консулдықтың ресми өтінішіне сәкес қана елден шығарылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

25 қыркүйекте «Centralasia.media» жаңалықтар порталында Қазақстанда қалып қойған Түркіменстан азаматтары отанына жасырын оралды деген ақпарат жарияланды. ҰҚҚ бұл фактінің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

Хабарламада 35 түркімен әйелі Түркіменстанға жасырын қайтқаны туралы айтылады. «Гарабогаз» бақылау-өткізу пунктінде Түркіменстан-Қазақстан шекарасы арқылы СОVID – 19 пандемиясы үшін Қазақстанда қалып қойған Түркіменстаннның 35 әйел азаматы түсініксіз тәсілмен өткен. Қазіргі уақытта олар Гарабогазда (бұрынғы Бекдаш) ауылдық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде карантинде жатыр. Алайда ресми түрде шекара жабық күйінде қалып отыр, - деп жазған мақала авторы.

Сонымен қатар, ол ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасай отырып, шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін хабарлаған, бірақ ол шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы наурыздан бастап Түркімен тарапы КВИ-ге байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқанын, Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылмаған.

Ақтау қаласындағы Түркіменстан консулдығының ресми өтінішке сәйкес 22 қыркүйекте «Темір баба» өткізу пунктінде (10.05-тен 12.00-ге дейін) елден Түркіменстанның 42 азамат шығарылды. Оның 12 –сі ер адам, 28 әйел, 2 бала, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы