Әзербайжан және қазақстандық волонтерлер меморандумға қол қойды

2 Желтоқсан 2020, 19:54
1207
Бөлісу:
Әзербайжан және қазақстандық волонтерлер меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізлегі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ және Әзірбайжан волонтерлік ұйымдарының одағы волонтерлік саласындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. 

Онлайн кездесуде әзербайжандық және қазақстандық волонтерлік ұйымдарының өкілдері, ӘВҰО төрағасы Тұрал Гумбатов және ҰВЖ атқарушы директоры Татьяна Миронюк сөз сөйледі. 

Біздің Әзербайжанда да осы жыл Волонтерлер жылы. Біз еліміз үшін, волонтерлер үшін көп жұмыстар жасап жатқанымызға қуаныштымыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасауды ары қарай жалғастыра береміз. Біз Қазақстаннан және бүкіл әлемнен волонтерлерді бізге қосылуға шақырамыз, - деді Әзербайжан волонтерлік ұйымдары одағының төрағасы Тұрал Гумбатов. 

Өз кезегінде Татьяна Миронюк екі ел арасындағы ынтымақтастық жалғасын табатынына үмітті екенін жеткізді. 

Волонтерлік әрқашан жүректен өтеді. Біз барлық күш-жігеріміз бен ойларымызды волонтерлік қызмет сияқты керемет арнаға біріктіргеніміз үшін қуаныштымын, - деді ол. 

Конференцияға екі елдің волонтерлері де қатысты. Сондай-ақ, өз қызметтері туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Олар волонтерлік қызметтің кең спектрін ұсынды - экологиялық, әлеуметтік, білім берудегі және Формула-1 сияқты ірі іс-шаралардағы волонтерлік. 

Іс-шара барысында ұйымдар арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы